
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру және жауапты мінез-құлықты насихаттау мақсатында 2026 жылдың 21 мамыр күні қазақ тілі пәнінің аға оқытушысы Жакипова Азиза Сейтжапбарқызы ВМ-МША-08-25 шетел тобының білім алушыларына «BAS Production» кинокомпаниясымен түсірілген «Мошенники 2» көркем фильмін көрсетті.
Фильмді көрсетудегі негізгі мақсаты қазіргі қоғамдағы ең өзекті әрі өткір мәселелер жайында білім алушыларға түсіндіру, дұрыс ой салу.
Сериалдың басты міндеті — көрерменді ақпараттандыру және қорғау, алаяқтардың нақты қалай әрекет ететінін көрсету. Осы арқылы әрбір адам олардың әдістерін танып, құрбан болмай, абай болуды үйренеді. Өйткені, әрбір адам мұндай алаяқтықпен кездескен немесе болашақта кездесіп қалуы мүмкін. Өзге елдерде жүрген әр азаматтың да жауапкершілікті сезінуі қажет екені жайында айтылды. Сериалда бәріне танымал алаяқтық схемалар қылмыскерлердің тарапынан баяндалады.