Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Суицидтің алдын алуға арналған...
26 ақпан 2026
1
0
0

Суицидтің алдын алуға арналған дәріс

2026 жыл 26 ақпанда «Отбасылық медицина» кафедрасының ассистенті Нарзуллаева Динара Сабыржановнаның жетекшілігімен ІЖТДҚ 27-24 тобының дәрігер-интерндері «Санамен серпіл!» ұранымен «Суицидтің алдын - алу» тақырыбында №11 орта білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушыларына танымдық әрі тәрбиелік маңызы зор дәріс ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы психологиялық денсаулықты нығайту, өмірдің құндылығын түсіндіру, қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығын жеткізу және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу болды.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында психологиялық күйзеліс, буллинг, отбасылық қиындықтар, әлеуметтік желілердің әсері сияқты түрлі факторлар эмоционалдық тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін. Осыған байланысты оқушыларға дер кезінде ақпарат беру, сенімді орта қалыптастыру және қолдау көрсету маңызды болып табылады.

Өткізілген дәріс оқушылар үшін маңызды әрі пайдалы болды. Жасөспірімдерге өмірдің құндылығы, психологиялық денсаулықтың маңызы және қиындықтарды бірлесіп шешу қажеттігі түсіндірілді. Оқушыларға сенім телефондары мен мектеп психологының жұмыс уақыты туралы ақпарат берілді.

Пікірлер орны (0)