30.04.25ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы М.М.Маликов 1 курс «Медицина» БББ студенттерімен жастар мен жасөспірімдер арасында аутодиструктивтің (суицидтің) алдын – алу және отбасылық қатынастарды, моральдік-этникалық және рухани адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатында дөңгелек үстел өткізді.
Максаты: Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті (суицидтік) мінез-құлықтың алдын алу бойынша тиімді шараларды талқылау және жүзеге асыру жолдарын қарастыру. Сонымен қатар, отбасылық қарым-қатынастарды нығайту, ұлттық моральдік-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды жастар санасына сіңіру арқылы олардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру және психологиялық қолдау жүйесін жетілдіру.
Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Еліміздің болашағы саналатын олардың мұндай оқыс әрекеттерге баруы алаңдатарлық жағдай. Статистикалық мәліметтердің сүйенетін болсақ, әлемде жылына 1 млн адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Суицид дегеніміз — бұл саналы түрде өмір сүруді тоқтату, яғни осы тұрғыдан қарағанда өзіне-өзі қол жұмсау адамның саналы мінез-құлық актісі болып табылады.
Дөңгелек үстел соңында студенттер ақпараттан алған әсерлерімен бөлісіп, өздеріне қандай қорытынды жасағандарын айтып, осы тақырып бойынша қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.