Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-...
12 қазан 2026
1
0
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және академиялық адалдық

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Академияның комплаенс-қызметі ұйымдастырған кездесуде оқу үдерісінің ашықтығы, парасаттылық құндылықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Оқытушылар мен қызметкерлер мемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, таза және әділ білім ортасын құруға дайын екендіктерін білдірді.
Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында академиялық адалдық қағидаларын сақтау – басты талаптардың бірі. Кездесу аясында оқытушылардың қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, студенттер арасында әділдік пен теңдік принциптерін нығайту тетіктері қаралды. Комплаенс офицер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және әрбір оқу іс-әрекетінде тазалықты сақтау маңыздылығын атап өтті. Бұл шаралар болашақ медицина мамандарының кәсіби жауапкершілігін арттыруға негіз болады.
Инженерлік пәндер кафедрасында В-ФӨТҚАБ-02-24 тобының білім алушыларымен өткен жиында құқықтық мәдениетті арттыру және парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылар оқу орнындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортаны нығайту бойынша өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Іс-шара мақсаты – ашықтықты қамтамасыз ету, кез келген заң бұзушылық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және жоғары этикалық стандарттарды енгізу.

Пікірлер орны (0)