
2026 жылдың 13 ақпанында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті. Оған шет тілдері кафедрасының аға оқытушылары А.Думчебаева, Д.Баймурзаева және алыс, шетел студенттері қатысты. Сыбайлас жемқорлық – лауазымды тұлғаның жеке пайдасы үшін қызметтік өкілеттігін заңсыз пайдалануы (пара алу, беру, қызмет бабын асыра пайдалану және т.б.) туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықтың негізгі мақсаттары: заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділдік пен теңдікті сақтау, қоғамның мемлекетке деген сенімін арттыру, экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау керек екендігін түсіндіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек жазалау шараларымен шектелмеуі тиіс. Ең маңыздысы – алдын алу. Ол үшін қоғамда адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыру қажет. Білім беру ұйымдарында құқықтық мәдениетті арттыру, жастарды парасаттылыққа тәрбиелеу де үлкен рөл атқарады. Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Әр адам заң талаптарын сақтап, адал еңбек етсе, қоғамда сенім мен әділеттілік орнайды.
