
ОҚМА Терапия кафедрасында бакалавриат студенттерімен «Бағалау, емтихан, грант, жатақхана және білім беруге қабылдау кезеңіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру шаралары» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге кафедраның доцент міндетін атқарушысы Кушекбаева А.Е. және кафедра ассистенті Абилдаева А.Д. қатысты.
Іс-шара барысында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, емтихан тапсыру мен білім беру үдерісінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.
Кездесудің мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және академиялық адалдық құндылықтарын нығайту.