
9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні – жыл сайын әлемдік қоғамдастық үшін осы жойқын құбылысқа қарсы іс-қимылдың маңыздылығын атап өтетін күн. Ол адалдықты, ашықтықты және қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуды ұстанудың символына айналды.
Осы орайда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушылары Маликов М.М. мен Махатова Л.Т., 1 курс «Медицина» БББ студенттерімен халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зияны» атты брейн-ринг өткізді.
Брейн-рингтің мақсаты: білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамның осы мәселеге деген көзқарасын өзгерту, сонымен қатар білім мен ақпаратты қызықты әрі шығармашылық тәсілмен жеткізу болып табылады.
Сайыс барысында студенттер бірнеше маңызды дағдыларды дамытып және сыбайлас жемқорлық тақырыбында өз білімдерін тереңдетті.

Білім алушылар әртүрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық тәжірибелер мен стратегияларды зерттеп, сол ақпаратты брейн-ринг сұрақтарына жауап беру үшін пайдаланды. Бұл олардың қоғамдық өмірде белсенді қатысуын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлес қосуын ынталандырды.
Осылайша, брейн-ринг студенттер үшін тек білім мен ақпарат алудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар тұлғалық және қоғамдық жауапкершілік деңгейін көтеруге, өз ойларын еркін және дәлелді түрде білдіруге мүмкіндік беретін оқыту әдісі болып табылады.
