
19 наурыз – Жаңару күніне орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ұжымы игі бастама көтеріп, оқу орны аумағында ағаш отырғызу шарасын өткізді. Аталған іс-шара табиғатты қорғау, қоршаған ортаны көркейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Академия қызметкерлері көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысып, табиғатқа деген жанашырлығын нақты іспен көрсетті. Ағаш отырғызу – қоршаған ортаны жақсарту ғана емес, сонымен қатар, ол болашақ ұрпаққа жасалған маңызды инвестиция.
Бұл бастама ұжымның бірлігін нығайтып, жауапкершілік пен қамқорлық сияқты құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді. Жаңару күні аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара табиғаттың жаңғыруымен үндесіп, жасыл желекті көбейтуге және салауатты экологиялық орта қалыптастыруға өз үлесін қосты.
