Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Тәлімгерлік сағат өткізілді
17 қыркүйек 2026
1
0
0

Тәлімгерлік сағат өткізілді


Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасына бекітілген В-ФКАБ-101-26 тобының студенттерімен тәлімгерлік сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: студенттерді Академияның жалпы ережелерімен, жатақханада тұру және тәртіп сақтау талаптарымен, оқу процесіндегі өзекті өзгерістермен таныстыру, сондай-ақ студенттердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Тәлімгерлік сағат барысында келесі мәселелер қарастырылды:
•    Академияның жалпы ережелері және ішкі тәртіп талаптары;
•    жатақханада тұру және өзін-өзі ұстау ережелері;
•    оқу процесіндегі өзекті жаңалықтар мен өзгерістер;
•    студенттердің құқықтары мен міндеттері;
•    студенттер тарапынан туындаған мәселелер бойынша жүгіну тәртібі.
Іс-шара барысында студенттердің белгіленген ережелер мен тәртіп нормаларын сақтауы, оқу процесіне жауапкершілікпен қарауы, сондай-ақ білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті түсіндірмелер алды және өз ұсыныстарын білдірді.
Іс-шараның нәтижесі: студенттер оқу процесін ұйымдастыру, Академия мен жатақхананың ішкі тәртіп ережелері туралы қажетті ақпарат алды. Сонымен қатар, өздерінің құқықтары мен міндеттерімен танысты.
Өткізілген тәлімгерлік сағат студенттердің құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыруға, оқуына жауапкершілікпен қарауына және Академияның ішкі тәртіп талаптарын сақтауына ықпал етті.

Пікірлер орны (0)