Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Танымдық тәрбие сағатын өткізд...
20 қазан 2025
6
0
0

Танымдық тәрбие сағатын өткізді

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қазақ, орыс және латын тілдер кафедрасы мен ФҚАБ-01-25 тәлімгерлік тобының студенттері «Жер жанаты – Шымкент. Оңтүстік өңірінің тарихы. Қаланың пайда болу тарихы» тақырыбы аясында танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында студенттер Шымкент қаласының көрнекті және тарихи-мәдени орындарын аралап, мұражайлар мен ескерткіштерде болды. Топ мүшелері Оңтүстік өңірінің бай мұрасымен, көне Шымкент қаласының қалыптасу тарихымен тереңірек танысты.
Шымкент – тарихы терең, табиғаты көркем, қонақжайлылығымен ерекшеленетін қала. Бұл өңір ежелден Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, маңызды сауда және мәдени орталықтардың бірі саналады. Осындай танымдық іс-шаралар студенттердің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ел тарихына деген құрметін нығайтады.

Пікірлер орны (0)