
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Медицина» факультетінде білім алатын ВМ-МҚАБ-01-23 тәлімгерлік тобының білім алушылары тәлімгері, “Ішкі аурулар пропедевтикасы”кафедрасының ассистенті Балабек Гаухар Бақытжанқызымен бірге Түркістан облысы, Түркістан қаласындағы «Сенім Ай» дағдарыс орталығының Шымкент қаласындағы бөлімшесіне барды.
Кездесу барысында білім алушылар орталыққа азық-түлік өнімдерін, қажетті киім-кешектер мен балаларға арналған жөргектер апарып, қайырымдылық көмектерін көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелеу.
Жақсылық жасау – үлкен жүректің белгісі! Әрбір ізгі іс бір жанға үміт пен қуаныш сыйлайды. Осындай тағылымды кездесулер жастардың адамгершілік құндылықтарын нығайтып, қайырымдылық пен қамқорлықтың маңызын терең түсінуге ықпал етеді.