
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында тәрбие жұмыстарын жандандыру және олардың сапасын арттыру мақсатында арнайы жиын өтті. Оған «Фармация» факультетіне қарасты кафедралардың тәрбие жұмыстарына жауапты аға тәлімгерлері мен топ тәлімгерлері қатысты.
Жиында Жастар саясаты бөлімінің жетекші маманы Камбарова Ж.О. алғашқылардың бірі болып сөз алып, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда ескерілер маңызды бағыттар мен әдістемелік талаптарға тоқталды. Мұнан кейін «Фармация» факультеті декан орынбасары Сапақбай М.М. мен «Фармация» факультеті тәлімгерлер кеңесінің төрайымы Жорабек Н.М. сөз кезегін алып, «Фармация» факультеті кафедраларының аға тәлімгерлері және топ тәлімгерлері белсенділік танытып, студенттердің тұлғалық дамуына, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келе жатқанын айтты.
Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру, тәлімгерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру және студенттердің қоғамдық белсенділігін көтеру бағытында ой бөлісті.
