Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Тарихқа саяхат: «Шымқала» кеше...
14 мамыр 2025
4
0
0

Тарихқа саяхат: «Шымқала» кешеніндегі танымдық экскурсия

14.05.25 ж. В-ФӨТБ-05-24 және ВМ-МКқБ-02-23 топтарының қатысуымен «Медициналық биофизика және АТ» кафедрасы тәрбие жоспары бойынша «Студенттік географиялық тур» атты тақырыпта «Шымқала тарихи-мәдени кешені» тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында білім алушылар мұражай қызметкерімен бірге кешеннің негізгі бөліктерін:
• Ортағасырлық Шымкент қаласының орны
• Археологиялық қазбалар
• Қорған қабырғалары, мұнаралар
• Жәдігерлер мен экспонаттар (керамика, тұрмыстық заттар, құрал-саймандар) аралап өтті. Оларға «Шымқала» кешені туралы қысқаша презентация көрсетілді.
«Шымқала» тарихи-мәдени кешеніне жасалған саяхат – білім алушылар үшін үлкен рухани әрі танымдық маңызға ие тәжірибе болды. Саяхат барысында білім алушылар ежелгі Шымкент қаласының тарихымен, оның архитектуралық ерекшеліктерімен және археологиялық жәдігерлерімен танысты. Мұражайдағы тарихи деректер мен экспонаттар жас ұрпақты ел тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Білім алушылар өз ойларымен, алған әсерлерімен бөлісіп, тарихи орындарды көзбен көріп, нақты дереккөздермен танысудың маңызын түсінді. Фото және бейне материалдар жинақталып, осы саяхат туралы бейнеролик дайындалды. Бұл іс-шара өте қызықты, әрі әсерлі өтті.

Пікірлер орны (0)