Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Тарихта қалған тағдырлар: Нұр...
14 мамыр 2025
7
0
0

«Тарихта қалған тағдырлар: Нұртас Оңдасыновтың елге сіңірген еңбегі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2025 жылдың 13 мамыр күні сағат 11:00-де, Түркістан көшесі 10, №6 ғимарат, №213 дәрісханасында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Нұртас Оңдасыновтың туғанына 121 жыл толуына орай, «Тарихта қалған тағдырлар: Нұртас Оңдасыновтың елге сіңірген еңбегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Аширов Шадияр Алдиярұлы алғы сөзді алып, дөңгелек үстелдің мазмұны, міндеті мен мақсаттары туралы таныстырды.
Дөңгелек үстелге «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары мен ВМ-МҚАБ-07, ВМ-МҚ-09 топтары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
Нұртас Оңдасыновтың саяси, рухани және ағартушылық қызметін насихаттай отырып, оның ел тарихындағы алатын орнын жас ұрпаққа үлгі ету, тұлғаның елге сіңірген еңбегін тарихи санамен саралау.
Іс-шара модераторы кіріспе сөзінде Н. Оңдасыновтың туғанына 121 жыл толуына орай дөңгелек үстелдің маңыздылығына тоқталды. Студенттер тарапынан мынадай тақырыптарда баяндамалар ұсынылды:
- «Ұлт руханиятына сіңірген еңбегі»
- «Оңдасынов – тіл білгірі, сөз зергері»
- «Қайраткердің қазақ ғылымына қосқан үлесі»
Талқылау барысында қатысушылар Н. Оңдасыновтың саясаткер ретінде ғана емес, рухани-ағартушы, тілші, сөздік құрастырушы, көреген тұлға ретіндегі қырларын талқылады. Дөңгелек үстел қатысушыларға Нұртас Оңдасыновтың ел тарихындағы рөлін тереңірек тануға, ұлы тұлғалардың өнегелі жолын қазіргі жастарға үлгі етуге ықпал етті.
Қатысушылар іс-шараның тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, осындай форматтағы кездесулерді жиі өткізу туралы ұсыныс білдірді.

Пікірлер орны (0)