Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Тәртіптің ең тамаша мектебі –...
3 қазан 2025
9
0
0

«Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті

2025 жылдың 25 қыркүйегінде Фармацевтикалық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Фармацевтика колледжінде 1-ші, 2-ші және 3-ші курс студенттерінің ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Жиналыстың негізгі тақырыбы «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» болды.
Кушкарова А.М. ата-аналарға отбасы тәрбиесінің бала өміріндегі орны мен маңызы туралы ой қозғап, ата-ананың әрбір сөзі мен ісі – баланың жүрегіне жазылып қалатын үлкен сабақ екенін атап өтті.
Сонымен қатар, кездесуде студенттердің оқу-тәрбие процесі, колледждегі тәртіп ережелері, сабақ үлгерімі және кредиттік жүйе бойынша түсіндірме берілді. Ата-аналарға колледж бен отбасы арасындағы ынтымақтастықтың бала тәрбиесіндегі маңызы кеңінен жеткізілді.
Жиналыс барысында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, колледж басшылығы мен оқытушылар тарапынан тиісті жауаптар алды.
Мұндай кездесулер ата-аналар мен колледж арасындағы тығыз байланысты нығайтып, студенттердің білім алуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Пікірлер орны (0)