Войти
Басты бет Академия жаңалықтары “Тәуелділік – ғасыр дерті”
15 желтоқсан 2025
1
0
0

“Тәуелділік – ғасыр дерті”

2025 жылдын 11 желтоқсан күні “ЖТД-3” кафедрасының ассистенті Г.Ш. Баймакованың ұйымдастыруымен ІЖТДҚ 10-25 тобының интерн-дәрігерлерімен «А.Аскаров атындағы №77» мектеп-лицейінің 9-10 сыныптар арасында “Тәуелділік – ғасыр дерті” тақырыбында танымдық-профилактикалық іс шара өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты:
Жастар мен қоғам арасында тәуелділіктің зияндылығын көрсету, дұрыс өмір салтын насихаттау, адамға өз өмірін бақылауға алу мүмкіндігін беру.
Іс- шара барысында қатысушылармен:
- Тәуелділіктің негізгі түрлері мен себептері анықталды
- Жеке және қоғамдық өмірге әсері, отбасы мен достарға ықпалы талқыланды
- Қысқа кеңестер берілді: спортпен айналысу, табиғатқа шығу, хобби табу, достармен сапалы уақыт өткізу.
Іс-шара 9-10 сынып оқушыларымен танымдық-профилактикалық мақсатта сәтті өткізілді.
Тәуелділік – бұл батылдық пен қолдауды қажет ететін мәселе. Өзіңді және жақындарыңды қорғау – бүгіннен басталады. Өз өміріңді бақылауға ал, әр сәтіңді бағала!

Пікірлер орны (0)