
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент міндетін атқарушы Г.С.Айдарбекованың ұйымдастыруымен «Парасат» үйірме мүшелерінің қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстанның келешегі – жас ұрпақтың қолында!»,«Азаматтық құқықтар мен міндеттер» тақырыбында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде іс-шара өткізілді. Мақсаты - білім алушылардың азаматтық сана-сезімін қалыптастырып, олардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту арқылы жастардың ел дамуына қосатын үлесін терең түсіндіру және азаматтық жауапкерілік пен патриоттық сезімін нығайту болып табылады. Дөңгелек стол барысында студенттерге азаматтық қоғам ұғымы, белсенді азаматтық ұстанымның мәні және жастардың ел болашағын қалыптастырудағы рөлі жан-жақты баяндалды. «Азаматтық құқықтар мен міндеттер» тақырыбы аясында Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде азаматтардың негізгі құқықтары мен заң алдындағы міндеттері түсіндіріліп, құқық пен міндеттің өзара байланысы нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу, Отанға адал қызмет ету – әрбір азаматтың борышы екендігі ерекше айтылды. Өткізілген іс шара тәрбиелік және танымдық тұрғыдан өзекті әрі нәтижелі болды. Студенттердің құқықтық сауаттылығы артып, өзін-өзі басқару жұмыстарына қызығушылығы күшейді. Кафедрада алдағы уақытта осы бағыттағы іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыру, азаматтық-құқықтық мәдениетті қалыптастыруға арналған кездесулер мен тренингтер ұйымдастыру жоспарлануда.