Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің...
10 желтоқсан 2025
1
0
0

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Инженерлік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты іс-шара өтті.
Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараны оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы ашып беріп, жиналғандарды алда келе жатқан ұлық мерекемен құттықтады.

Ербол Қалтұрсынұлы өз сөзінде тәуелсіздіктің халқымыз үшін қасиетті ұғым екенін және оны сақтау мен қадірлеу баршамыздың ортақ міндетіміз екенін атап өтті.
Іс-шара 3-курс студенті Ақбаян Абдималикованың мазмұнды баяндамасымен жалғасты. Ол мемлекеттік рәміздеріміздің қалыптасу тарихына тоқталып, олардың тәуелсіз ел екендігіміздің айқын белгісі ретіндегі маңызын түсіндірді. Одан кейін сахна төріне 3-курс студенттері шығып, қазақ қыздарының әр дәуірдегі ұлттық киім үлгілерін сахналық қойылым арқылы көрермен назарына ұсынды. 
Желтоқсан оқиғасына арналған әсерлі көрініс те көпшіліктің жүрегін тебірентіп, ел тәуелсіздігі жолында құрбан болған жастардың ерлігін қайта еске салды. Іс-шара барысында студент Мият Аружанның орындауындағы «Өмір жолы» күйі көпшілікті терең сезімге бөлесе, «Шабыт» өнер ұйымының қыздары мың бұрала билеп, ұлттық өнерді паш етті.
Іс-шара академия білім алушыларының орындауындағы «Бақыт деген...» атты поэтикалық қойылыммен түйінделді.

Пікірлер орны (0)