Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Тәуелсіздік – өткені мен бүгі...
15 желтоқсан 2025
1
0
0

«Тәуелсіздік – өткені мен бүгіні!»

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 25.12.2025 ж. «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының доцент м.а. С.У.Ескерованың жетекшілігімен ВМ-МҚА- 08, Б-08-23 және ВМ-МПІ-01-23 тәлімгерлік топтардың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – өткені мен бүгіні!» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға  кафедраның оқытушылары мен ВМ-ЖМОАБ-08-21, ВМ-ЖМОАБ-21, ВМ-МҚқАБ-24 және ВМ-МҚ-09-23 топтарының студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында отан сүйгіштік пен патриотизмді дамыту, тарихқа құрметпен қарауды үйрету. 

Іс-шара барысында Қожахметов Азат «Тәуелсіздік - өткені мен бүгіні», Мақұлбек Айару «Тәуелсіздік - жастарға берілген тарихи мүмкіндік» - тақырыптарында баяндамалар жасады. Сонымен қатар, студенттер «Қазақ хандығынан –Тәуелсіздікке» атты сахналық көрініс қойып, қазақ халқы үшін Тәуелсіздіктің баға жетпес құндылығын айқындаса, «Желтоқсан ызғары» бейнебаянда 1986 жылғы 16 желтоқсанда қазақ жастарының алаңға шығып, тәуелсіздік үшін билікке қарсы шыққанын, олардың қарсылыған биліктің аяусыз басқанын көрсетті.  

Әбдірахманова Ботакөз, Шарифбаева Дилноза, Баратов Жавахир  М.Шахановтың тәуелсіздік туралы өлеңдерін, Рахметулла Ляззат монолог оқыды. Топтың студенттері Желтоқсан желі және Атамекен әндерін шырқады. 

Қорытындылай келе, іс-шара нәтижесінде студенттер Қазақстанда тәуелсіздік тұғырының мәңгілік, жасампаз екендігіне сенімділігі арттып, келешекке нық қадам басуға жігерленді.

Пікірлер орны (0)