
2025-2026 оқу жылында шет тілі кафедрасының ұйымдастыруымен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 26.11.2025 күні ВМ-МҚА-01-25, МОАБ-12-25, СОАБ-09-25 топтары Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына (Алпысбаев көшесі 125Б) студенттер сенбілік жасады. Сенбілік - қоғамды, табиғатты, қоршаған ортаны тазалау және жақсарту мақсатында ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыс. Сенбілік барысында студенттер өз еркімен бірігіп, туған жердің тазалығы мен көркейтуіне үлес қосты.
Сенбілік өткізудің негізгі мақсаттары: қоршаған ортаны тазарту, қоқыс жинау,аула, көше, саябақтарды ретке келтіру, табиғатты қорғау, ағаш, гүл, көшеттер отырғызу, жасыл аймақты көбейту, қоғамдық ортаны жақсарту, жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру, бірлік пен ынтымақтастықты нығайту, бірге жұмыс істеуді үйрету.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 1 курс студенттері мен шет тілдері кафедрасының ұжымы сенбілікке белсене қатысып, өздерінің қамқорлығын көрсетті. Шет тілдері кафедрасының ұжымы барша студенттерге алғыс білдірді!