
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жастардың экологиялық мәдениетін, әлеуметтік жауапкершілігін және қоршаған ортаға ұқыпты көзқарасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Қалалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері сенбілікке қатысты. В-ФӨТҚА-01-26 тобының студенттері толық құрамда экологиялық бастамаға қолдау көрсетіп, қала аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Мұндай іс-шараларға қатысу — қоршаған ортаны таза әрі көрікті етуге ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілік, белсенділік пен туған қалаға деген қамқорлықты танытуға мүмкіндік береді.
Таза қоршаған орта әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады. Бірге қаламызды таза әрі жайлы етейік!