Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Таза Қазақстан» бағдарламасы...
12 мамыр 2026
1
0
0

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілік өткізілді

08.05.2026 ж. ВМ-СҚА-02-25 тобының 1-курс студенттері ЮКМА-ның қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының қатысуымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында №5 Қалалық емхананың аумағында және корпусында сенбілік өткізді.
Іс-шара барысында студенттер ғимарат ішін және оған іргелес аумақты тазалау жұмыстарын жүргізіп, санитарлық тәртіпті сақтау мен медициналық ұйым аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты. Қатысушылар ұйымшылдық, жауапкершілік және тәртіптілік танытып, берілген тапсырмаларды белсенді түрде орындады.
Іс-шара қорытындысы бойынша №5 ҚЕ педиатрия бөлімінің меңгерушісі Ереджепова Гүлжанат Махатовна және ұжым студенттерге атқарған жұмыстары мен қоғамдық пайдалы еңбекке жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдірді.
Мұндай іс-шаралар студенттердің еңбек тәртібін, жауапкершілігін және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік және практикалық мәнге ие.

Пікірлер орны (0)