Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Таза Қазақстан – ОҚМА жастары...
20 қазан 2026
1
0
0

«Таза Қазақстан – ОҚМА жастарының таңдауы!»

2026 жылғы 17 қазанда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бас ғимаратының алдында «Таза Қазақстан – ОҚМА жастарының таңдауы!» экологиялық акциясы өтті. Акцияға «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасының оқытушысы Г.Б. Ағабек жетекшілік ететін 1-курс ВМ-МҚАБ-04-26 топтарының студенттері қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты – академия аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және студенттер арасында экологиялық мәдениет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында студенттер аумақты тазалау жұмыстарына қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Бірлескен еңбек студенттердің ұйымшылдығын арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.
Мұндай экологиялық акциялар білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және академия аумағын таза әрі көрікті ұстауға бағытталған.

Пікірлер орны (0)