Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық ж...
25 мамыр 2026
1
0
0

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы сенбілік

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ОҚМА-да кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға “Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер” кафедрасының аға оқытушысы М.М. Маликов және 1 курс “Стоматология” БББ студенттері белсенді қатысты. Сенбіліктің негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, студент жастардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын арттыру және қоғамдық жауапкершілікті нығайту болды. Іс-шара барысында қатысушылар университет аумағын тазалап, қоқыстарды жинап, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Шара студенттердің ұйымшылдығын арттырып, экологиялық тәрбие берудің маңыздылығын көрсетті. Осындай игі бастамалар жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамға пайдалы еңбек етуге баулиды. Сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. “Таза Қазақстан” жобасы аясындағы мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Пікірлер орны (0)