
2026 жылғы 29-30 сәуір күндері медицина факультеті деканатының ұйымдастыруымен «Таза сессия» бағдарламасы аясында «Академиялық адалдық» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмысын өтті. Аталған шараға Медицина, Педиатрия және Стоматология білім беру бағдарламаларының 3 және 5 курс білім алушылары қатысты. Кездесу барысында факультет деканы А. Сейдахметова сөз сөйлеп, академиялық адалдық қағидаларын сақтау - әрбір білім алушының басты міндеті екендігін атап өтті. Кездесу барысында білім алушыларға академиялық адалдықтың мәні мен маңызы түсіндіріліп, емтихан және аралық бақылау кезеңінде белгіленген талаптарды сақтау қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ академиялық тәртіп бұзылған жағдайда қолданылатын шаралар туралы мәлімет берілді. Кездесу интерактивті форматта өтіп, білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Нәтижесінде білім алушылар академиялық адалдық талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсініп, алдағы сессияны әділ әрі жауапкершілікпен тапсыруға дайын екендіктерін білдірді.