Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Тазалық күні» экологиялық акц...
13 мамыр 2026
1
0
0

«Тазалық күні» экологиялық акциясы өтті

2026 жылғы 8 мамыр күні «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасы мен Шымкент қаласы ДСБ ШЖҚ «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК №4 бекетінің ұжымы және білім алушылардың қатысуымен «Тазалық күні» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ азаматтарды туған жерге жанашырлықпен қарауға шақыру болып табылады.
Акция барысында аумақты қоқыстан тазарту, ағаштарды ретке келтіру, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Осындай экологиялық акциялар қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттап қана қоймай, жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)