Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Тәжірибеде жобалық-бағдарланға...
2 ақпан 2026
1
0
0

Тәжірибеде жобалық-бағдарланған оқыту

2026 жылғы 29 қаңтарда «ЮҚМА» АҚ-да «Медицина» білім беру бағдарламасының 2-курс білім алушылары «Биостатистика» пәні бойынша зерттеу жобаларын сәтті қорғады. Іс-шара жобалық-бағдарланған оқытуды енгізу және білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін дамыту аясында өткізілді.
Пән «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасында циклдік форматта оқытылды. Жобаларды қорғауға ВМ–МҚА–03 және ВМ–МҚА–04 топтарының білім алушылары қатысты.
Жобалар қазіргі қоғамның өзекті мәселелеріне арналды, атап айтқанда: вакцинацияға көзқарас, фастфуд тұтынудың өмір сапасына әсері, қант диабетінің таралуы мен қауіп факторлары, сондай-ақ жастардың көру қабілетіне өмір салты мен цифрлық факторлардың ықпалы.


Жобаларды орындау барысында білім алушылар сауалнамалар әзірлеп, деректер жинап және статистикалық талдау жүргізді, презентациялар дайындап, зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында қорғады.
Сонымен қатар, олар кітапхана және ақпараттық орталық қызметкерлерінен электронды кітапхана мәліметтер базасымен жұмыс істеу бойынша кеңестер алды, білім беруді цифрлық қолдау және педагогикалық құзіреттілік департаментінің шеберлік сабағының арқасында Trello цифрлық сервисімен жұмыс істеуді игеріп, ұйымдастырылған семинарға қатысты. Жобаларды басқару және коммерцияландыру кеңсесі ұйымдастырған «Жобаның тұсаукесері: құрылымнан визуализацияға дейін (слайдтар, графиктер, инфографика)» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Оқытушылар жобалардың мазмұнын, орындалу сапасын, тақырыптардың өзектілігін және командалық жұмыстың деңгейін жоғары бағалады.
Жобаларды қорғау білім алушылардың биостатистиканы практикалық қолдану және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етіп, олардың болашақ кәсіби дамуына маңызды үлес қосты.

Пікірлер орны (0)