Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Темірбек Қожакеевтің туғанына...
19 ақпан 2026
1
0
0

Темірбек Қожакеевтің туғанына 100 жыл толуына орай «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен 1 курс «Педиатрия» БББ білім алушыларымен Темірбек Қожакеевтің туғанына 100 жыл толуына байланысты «дөңгелек үстел» өткізілді.
Мақсаты – ғалымның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, оның қазақ журналистикасы мен сатира саласына қосқан үлесін таныстыру, жас ұрпаққа тағылым беру.
«Дөңгелек үстел» барысында білім алушылар ғалымның өмір жолы, ғылыми еңбектері, публицистикалық мұрасы және журналистика ғылымын дамытудағы рөлі туралы баяндамалар жасады. Қатысушылар ғалым мұрасының өзектілігі, сатира жанрының қоғамдағы орны және қазіргі журналистиканың даму бағыттары жөнінде ой бөлісті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, өз пікірлерін ортаға салды.
Қорыта айтқанда, Темірбек Қожакеевтің ғылыми мұрасы – ұлттық журналистика ғылымының құнды қазынасы. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың рухани танымын кеңейтіп, кәсіби бағдарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)