Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Тіл бірлігі – ел бірлігі»
23 қыркүйек 2026
1
0
0

«Тіл бірлігі – ел бірлігі»

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақстан халқы тілдері күніне орай қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл бірлігі – ел бірлігі» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы ашып беріп, қатысушыларға ізгі тілегін жеткізді.
Іс-шара барысында білім алушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. В-ФӨТҚБ-02-26 тобының студенттері би билесе, ВМ-МА-14-26 тобының студенті Фаррух Кобилжанович «Тау ішінде» әнін орындады.

Сонымен қатар, білім алушылар қазақ ақын-жазушыларының отансүйгіштік тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, туған елге деген сүйіспеншіліктерін жыр жолдарымен жеткізді.
Мерекелік бағдарлама ВМ-МША-04-25 тобы білім алушыларының үнді биімен жалғасты.

Шара соңында жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Мадина Тұрабек белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсеткен студенттерге Алғыс хаттар табыс етті. Іс-шараның шымылдығы ВМ-СА-12-26 тобының білім алушысы Әли Пазылханұлының орындауындағы «Қазақ елі» әнімен жабылды.
Тіл – ұлттың рухы, елдің бірлігін бекемдейтін құндылық. Тілге құрмет – елге құрмет!

Пікірлер орны (0)