
03.10.2025ж. күні ОҚМА АҚ «Дәрілер технологиясы және фармакогнозия» кафедрасында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 3 курс В-ФӨТҚА-03-23 және «Фармация» ВФҚО-02-25 жеделдетілген 2 жылдық білім алушыларымен «Фармацевтикалық технология негіздері» және «Фармацевтік технология» пәндері бойынша «ТИН» ЖШС өндірістік дәріханасында дуальды оқыту сабақтарын жүргізді. «ТИН» ЖШС өндірістік дәріханасында дуальды оқыту шеңберінде білім алушыларға теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мүмкіндігі берілді.
Оқыту барысында «Стандартты фармакопеялық сұйықтықтарды сұйылту. Бейсу ерітінділерді дайындау», «Бейсу ертінділерді дайындау» тақырыптары бойынша оқу-өндірістік сабақтар толық көлемде көрсетілді. Білім алушылар фармацевтикалық іс-тәжірибеде қолданылатын стандартты (фармакопеялық) сұйықтықтарды сұйылту әдістерін меңгерді. Сондай-ақ бейсу ерітінділер технологиясында қолданылатын еріткіштердің ерекшеліктері мен олардың сулы ерітінділерден айырмашылығы талданды.