Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Тоғызқұмалақтан Іріктеу жарысы
15 қазан 2025
3
0
0

Тоғызқұмалақтан Іріктеу жарысы

14 қазанда ОҚМА білім алушылар арасында «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан іріктеу жарысы өтті.Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойынының бірі. Тоғыз саны ежелгі түркі елдерінде қасиетті сан болып есептеледі. «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық», «Тоғыз інген боталап, тоғыз інген құлындап» деген сөз тіркестердің бәрінде тоғыз саны көптік мағынаны білдіріп тұр.

 Тоғызқұмалақ үйірмесінің мақсаты:

-ұлттық өнерімізді әрі қарай дамыту, насихаттау;

-өсіп келе жатқан жасөспірімдерге үйрену, өз бетімен айналысуға баулу;

- балаларды логикалық ойлауға, математикалық ықшам сақтау әдістеріне үйрету; 

-ойынға деген қызығушылықтарын арттыру арқылы қатысушылардың санымен, сапасын өсіру. Қорытынды бойынша 3 орынды Хали Дінмұхамед, 2 орынды Сейтжаппар Нұржан, 1-орынды Нұрқазыұлы Мағжан иеленді.

Пікірлер орны (0)