
2026 жылдың 12 қазанында білім алушылар арасында ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақтан Іріктеу жарысы жоғары деңгейде өтті. Тартысты өткен бәсекеде озық ойлылығымен және ерекше шеберлігімен дараланып, жүлделі орындарды иеленген білім алушыларымызды мақтанышпен таныстырамыз:
І орын Нұрқазыұлы Мағжан - ВМ-СҚА-01-24
ІІ орын Сеитжаппар Нұржан - ВМ-СҚБ-01-24
ІІІ орын Марат Серик - ВМ-СҚА-05-26
Жарыс нәтижесі бойынша осы үздік шыққан үш білім алушы іріктелді. Олар алдағы дүбірлі додаларда оқу орнымыздың намысын қорғайтын болады!
Зерек те алғыр жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Тоғызқұмалақ тақтасындағы жеңісті жолдарыңыз бұдан да биік белестерге жалғассын!