
2025 жылдың 29 қазанында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «AI – SANA» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Академияның цифрлық трансформациясын дамытуға арналған кезекті отырыс өтті.
Іс-шараның басты тақырыбы – «Цифрлық жетілу: негізгі тәсілдер мен блоктар». Кездесудің мақсаты – Академияда жүзеге асырылып жатқан цифрлық өзгерістердің тиімділігін талдау, олардың білім беру үдерісіне ықпалын қарастыру және білім алушылардың қауымдастықтың пікірін ескере отырып алдағы қадамдарды айқындау.
Кездесуге Академияның цифрлық офицері Нурпеисов Айбек Сенбекович, сондай-ақ студенттік өзін-өзі басқару өкілдері қатысты:
Асқар Мерей – студенттік ректор,
Бейсенбек Д. – фармация факультетінің студенттік деканы,
Бекен Д. – жатақхана кеңесінің орынбасары,
Жаналиева Ш. – «Бірлесу достық» ұйымының төрайымы,
Үсен М. – «QazMed» ұйымының төрайымы,
Камардин Ә. – «Шабыт» өнер ұйымының төрайымы,
Ахметхан Г. – «Еріктілер лигасы» ұйымының төрайымы.
Айбек Сенбекович ағымдағы жылдың үшінші тоқсаны бойынша «AI – SANA» бағдарламасының қорытынды нәтижелерін ұсынып, Академиядағы цифрлық трансформацияның кезең-кезеңімен жүзеге асырылу бағыттары туралы баяндады. Ол Академияның даму стратегиясындағы цифрлық экожүйенің маңыздылығына тоқталып, білім беру процесінде жасанды интеллектіні қолданудың өзектілігі мен келешегін атап өтті.
Отырыста медицина саласындағы жасанды интеллектінің рөлі, ИИ технологияларын оқу үдерісіне және медициналық тәжірибеге енгізудің заманауи тәсілдері, сондай-ақ студенттердің цифрлық құзыреттерін дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында студенттер белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, Академияның цифрлық жетілуіне бағытталған жаңа идеялар мен ұсыныстарын ортаға салды. Осындай пікір алмасу алаңдары білім алушылардың бастамашылдығын арттыруға және Академияның инновациялық даму бағытын нығайтуға ықпал етеді