Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Цифрлық жетілу: негізгі тәсіл...
31 қазан 2025
2
0
0

«Цифрлық жетілу: негізгі тәсілдер мен блоктар»

2025 жылдың 30 қазанында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Цифрлық жетілу: негізгі тәсілдер және блоктар» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара Академияның цифрлық трансформациясын дамыту және заманауи технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстардың жалғасы болып табылады.
Кездесу барысында Академияның цифрлық офицері Нурпеисов Айбек Сенбекович құрылымдық бөлім басшылары мен жетекші мамандарға білім беру, ғылым және әкімшілік процестерге цифрлық технологияларды интеграциялау деңгейі туралы баяндама жасап, «AI SANA» бағдарламасының 2025 жылдың үшінші тоқсаны бойынша қорытынды нәтижелерін ұсынды.
Айбек Сенбекович кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, медицина саласындағы жасанды интеллекттің рөліне ерекше назар аударды. Ол ИИ технологияларын оқу процесіне және медициналық тәжірибеге енгізудің тиімділігі мен болашағы туралы пікірін білдірді.
Кездесуге қатысқан құрылымдық бөлімдердің басшылары мен мамандар белсенділік танытып, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Талқылау барысында Академияның цифрландыру бағытындағы алдағы басымдықтар айқындалып, жаңа міндеттер белгіленді.
Кездесу нәтижесінде қатысушылар цифрлық жетілудің Академия дамуы мен медициналық білім сапасын арттырудағы рөлін атап өтті.

Пікірлер орны (0)