Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Түлектер құзыреттілігін жетілд...
2 ақпан 2026
1
0
0

Түлектер құзыреттілігін жетілдіру жолдары талқыланды


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Түлектердің құзыреттіліктерін жетілдіру: фармацевтика саласында сұранысқа ие дағдылар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Жиынға ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А. А. Садықова, «ОҚО «Даму» медициналық және фармацевтикалық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Х. Д. Әлжанова, сондай-ақ «ЭкоФарм» ЖШС бас директорының кеңесшісі Ж. Д. Кенжебаев және жұмыс берушілер қатысты. «Дөңгелек үстелде» оқу орнының академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Анартаева Мария Ұласбекқызы мен клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы сөз сөйлеп, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты нығайтудың маңызы зор екенін атап өтті.

Іс-шара барысында бірқатар мазмұнды баяндамалар тыңдалды. «Фармация» факультетінің деканы К.Е.Арыстанбаев «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге, өндірістік тәжірибені күшейту бағытталған жұмыстарды баяндады. Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі А. Г. Ибрагимова фармацевтика саласын дамыту жағдайындағы фармацевттің кәсіби бейіні жөнінде сөз қозғады. Ал, «Мансап» бөлімінің меңгерушісі Юнусметов Э.Ш. түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштерін талдады. Жиын соңында жұмыс берушілер тарапынан сұрақтар қойылып, қатысушылар арасында ашық пікір алмасу өтті. Жұмыс берушілер өз ұйымдарына қажетті мамандар туралы ұсыныстарын білдіріп, болашақта академиямен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін жеткізді. Іс-шара қорытындысы бойынша тиісті резолюция қабылданып, қатысушылар сауалнама толтырды.

Пікірлер орны (0)