Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Түлектердің Абай облысы өкілде...
5 наурыз 2026
1
0
0

Түлектердің Абай облысы өкілдерімен мансаптық кездесуі

2026 жылдың 4 наурызында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да түлектердің Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы, мансап орталықтарының өкілдерімен мансаптық кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты - түлектерді өңірлік медициналық ұйымдардың кадрлық қажеттіліктерімен, жұмысқа орналасу шарттарымен, жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен және кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктерімен таныстыру.
Іс - шараға Абай облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы - Сулейменов Нурбек Сыдыкович, Абай облысы Көкпекті аудандық мансап орталығының директоры - Смагулов Мерей Нигметжанович, Абай облысы ДСБ «Көкпекті аудандық ауруханасы» емхана меңгерушісі - Сарманов Жанибек Талгатович, «ОҚМА» АҚ мансап бөлімінің меңгерушісі және менеджерлері, сондай-ақ интернатура түлектері қатысты. Іс - шараны «ОҚМА» АҚ клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры - Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы ашып, білім беру ұйымдарының жұмыс берушілермен өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтіп, Денсаулық сақтау жүйесін білікті кадрлармен қамтамасыз етудің өзектілігін атап өтіп, әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
Кездесу барысында Абай облысының өкілдері өңірдегі медициналық ұйымдардағы жұмыс ерекшеліктері, жұмысқа қабылдау тәртібі, еңбек жағдайлары, сондай-ақ жергілікті жерлерде денсаулық сақтау жүйесін дамыту мүмкіндіктері туралы баяндады. Іс-шара ашық диалог форматында өтті, оның шеңберінде түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар және кәсіби қызметті бастау бойынша практикалық ұсынымдар алды.
«ОҚМА» АҚ сындарлы диалог пен ынтымақтастық үшін Абай облысы өкілдеріне алғысын білдіреді. Осындай мансаптық кездесулерді өткізу білім беру ұйымы мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ акакдемия түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Пікірлер орны (0)