Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «TULGA» командасы Алғыс хатқа...
30 қыркүйек 2026
1
0
0

«TULGA» командасы Алғыс хатқа ие болды

2026 жылдың 29 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Қаржы сақшысы» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Аталған зияткерлік сайысқа ОҚМА Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы атынан СТОМ 101 Б-26 тобы «TULGA» командасы болып қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Ойын қорытындысы бойынша «TULGA» командасы белсенділік танытып, Алғыс хатқа ие болды.

Пікірлер орны (0)