Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ» диктантжаздыр...
29 қазан 2025
4
0
0

«ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ» диктантжаздыру жобасы

5 қыркүйекте ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келген Қазақстан халқының тілдері күні мерекесінің аясында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Ұлттық диктант» жобасы басталды. Жоба ағымдағы жылғы 13 қазан мен 13 қараша аралығында жоғары оқу орындарының барлық білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттарының, сондай-ақ профессорлар-оқытушылар құрамының қатысуымен «Ұлттық диктант» жобасын өткізу жоспарланды. Ұлттық диктант – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жоба. Негізгі мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Бұл бастама сауатты жазудың тек білім өлшемі ғана емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік және тілге деген құрметтің көрінісі екенін білдіреді. Осыған байланысты 24 қазан 2025 жылы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы оқытушылары стоматология, емдеу ісі факультетерінің білім алушыларымен бірлесе отырып жалпыұлттық диктант жазды. Диктант жазу барысында білім алушылар тиянақтылық пен өте үлкен жауапкершілік танытты. Жазылған жұмыстардың жұмыстар барлығы да берілген бағалау критерийлеріне сай тексерілді.

Пікірлер орны (0)