Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Дене шынықтыру орталығының ұжы...
19 наурыз 2026
1
0
0

Дене шынықтыру орталығының ұжымы DIGITAL NAURYZ 2026 аясында Ұлттық киім күнін атап өтті.

Дене шынықтыру орталығының ұжымы DIGITAL NAURYZ 2026 бағдарламасын қолдау аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне ерекше мән берді. Бұл күн – халқымыздың бай мәдени мұрасын, ұлттық болмысын және салт-дәстүрін дәріптеуге арналған маңызды мерекелердің бірі.
Ұлттық киім күні – ата-бабадан мұра болып қалған киім үлгілерін насихаттау арқылы жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Қазақтың ұлттық киімдері тек сәндік элемент қана емес, әрбір ою-өрнегі мен пішінінде терең мағына, тарих және дүниетаным жатыр. Камзол, шапан, сәукеле, тақия сияқты киімдер халықтың тұрмыс-тіршілігінен, әлеуметтік мәртебесінен және жас ерекшелігінен сыр шертеді.
Аталған күні орталық қызметкерлері ұлттық киім киіп, мерекелік атмосфера қалыптастырды. Бұл бастама ұжымның бірлігін нығайтып қана қоймай, ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыра түсті. Сонымен қатар, келушілер арасында да ұлттық стильді дәріптеу арқылы рухани құндылықтарды жаңғыртуға ықпал етті.

Пікірлер орны (0)