Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Ұлттық ойындар ұлықталды
9 сәуір 2026
1
0
0

Ұлттық ойындар ұлықталды


Денсаулық күніне орай алыс шетел білім алушылары арасында ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында жарыс өтті. Ұлдардан қалмай қыздар да өз өнерлерін сынап, арқан тарту, ләңгі тебу, асық атудан бақ сынады.
Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар өздерінің күш-жігерін, ептілігі мен төзімділігін көрсете білді. Әсіресе, арқан тарту кезінде командалар арасындағы бәсеке қыза түсіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ал ләңгі тебу мен асық ату ойындары дәлдік пен шеберлікті талап етіп, қатысушылардың қызығушылығын арттырды.
Алыс шетел білім алушылар үшін бұл шара тек жарыс қана емес, қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен жақынырақ танысуға үлкен мүмкіндік болды. Олар ұлттық ойындардың мән-мағынасына терең бойлап, ерекше әсер алды.
Мұндай шаралар жастарды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, түрлі мәдениеттер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайта түседі.

Пікірлер орны (0)