Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Ұлттық спорт түрлері күні: сту...
20 наурыз 2026
1
0
0

Ұлттық спорт түрлері күні: студенттер дәстүрлі ойындарда жарысты

20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Дене тәрбиесі орталығында білім алушылар арасында ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. Бұл іс-шара жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Іс-шара барысында ләңгі тебу, асық ату және арқан тарту сияқты дәстүрлі ойындардан сайыстар өткізілді. Қатысушылар бұл жарыстарда тек күш сынасып қана қоймай, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсете білді.

Жарыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық рухты сезінуге зор мүмкіндік берді. Осындай игі бастамалар жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелейді. Дене тәрбиесі орталығы алдағы уақытта да білім алушылар арасында ұлттық ойындарды кеңінен насихаттап, осындай іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыра бермек.

Пікірлер орны (0)