
15 қараша - ұлттық валюта күнінің жоспарына орай, «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжі Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Сатаев Амангелді Тойболұлы колледж білім алушыларына 14- қараша күні «Теңдессіз елдің теңгесі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Білім алушыларға төл теңгеміздің шығу тарихымен, ұлттық валютамыздың жасалу ерекшеліктерімен, бейнеленген суреттердің мән-мағынасымен таныстырып өтті. Сонынымен қатар банкноттар мен монеталардың фабрикада, Монета сарайында шығарылу технологиясымен, теңгенің даму тарихы туралы бейнефильмде көрсетілді. Басқа ел валюталарымен де таныстырды. Шара барысында ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы да мағлұматтар берілді. Қай елдің болмасын валютасы мемлекеттің тарихын тікелей баяндайтыны жайында сонымен қатар бүгінде ақша бірліктері мемлекеттің дамуының маңызды рөл атқаратыны жайында да түсіндіріп өтті.