Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет...
10 қараша 2025
9
0
0

«Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты әдеби кеш

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында кітапханалық-ақпараттық орталық пен қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты әдеби кеш өтті.
Іс-шараны қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының доцент м.а., филология ғылымдарының кандидаты Ж.Қ. Темірбекова ашып, Ахмет Байтұрсынұлының ұлт руханиятындағы рөлі мен мұрасының маңыздылығына тоқталды.
Кітапханалық-ақпараттық орталық қызметкері А.М. Шохибаева «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілтану ғылымының атасы» атты тақырыпта баяндама жасап, ғалымның тіл білімі мен ағартушылық саласындағы еңбектеріне кеңінен шолу жасады.
Әдеби кеш барысында студенттер ұлт ұстазының шығармаларын нақышына келтіре орындады. Атап айтар болсақ, ВМ-МОА-11-25 тобының студенті Д.Т. Ажмахан А. Байтұрсынұлының «Қазақ салты» өлеңін, В-ФӨТА-05-25 тобының студенті А. А. Сейтжапбар «Ат пен есек» мысал өлеңін, ВМ-СО-10-25 тобының студенті Д. У. Абдугазизова «Досыма хат» өлеңін, ВМ-СО-09-25 тобының студенті А.Т.Баймырза «Оқуға шақыру» өлеңін, ВМ-ПО-03-25 тобының студенті З.Х.Давронова «Анама хат» өлеңін оқыды. 
Іс-шара соңында қатысушылар «Ұлты сүйген – ұлы адам» атты арнайы дайындалған кітап көрмесін тамашалады.

Пікірлер орны (0)