2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы Отан соғысы ардагеріне хат» тақырыбында 1 курс студенттері ардагерлерге арнап шынайы хат жазды. Соғыс кезінде майдан мен тыл арасындағы ең маңызды байланыстың бірі - хат-хабар болды. Студенттер хат жазу арқылы ардагерлердің көңіл күйін, оларға деген ризашылығын, сағынышын және сенімін жеткізді. “Ұлы Отан соғысы ардагеріне хат” тақырыбы осындай рухани байланысты жаңғыртады, тарихты еске түсіреді, жастарды патриоттыққа, бейбітшілікті қадірлеуге тәрбиелейді. Қорытындылай келе, кафедра ұжымы мен алғашқы әскери кафедрасы «Ұлы Отан соғысы ардагеріне хат» тақырыбында жазылған хаттардың мағынасы мен мазмұнын талқылай келе, өте жоғары деңгейде жазылған әрі сауатты жазған медицина мамандығының белсенді студенттері Ахметбек Айгерім Дәнебекқызы мен Рахимжан Диляра Ильхамқызын алғыс хатпен марапатталды.