Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Ұлы Отан соғысының 80 жылдығын...
12 мамыр 2025
7
0
0

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары Абай атындағы саябақта орналасқан "Даңқ" мемориалдық кешеніне барып, тағзым етіп қайтты.Қалыптасқан дәстүр бойынша мемориалдық кешенге гүл шоқтары қойылды. Оқытушылар К.Б Ахтаева менН.Т.Айдынғали Майдан мен тылдың бірігуін бейнелейтін 35 метрлік обелиск және астындағы "мәңгілік алау" 1979 жылы тұрғызылғанын, қара тақтайшаларға оңтүстік өңірден шыққан 140 мыңға жуық жауынгердің есімдері қашалып жазылғаны жайлы айтты.Даңқ аллеясының ортасына "Жұлдыз" ескерткіші қойылған, ондағы қызыл гранитте оңтүстіктен шыққан Кеңес Одағының 51 батыры мен Даңқ орденінің 8 толық иегерінің есімі жазылғаны жайлы түсіндірді.
Біз үшін Ұлы Отан соғысының сарбаздары – батылдық пен ерліктің үлгісі. Олардың ерліктерін есте сақтауға міндеттіміз. Бұл кішкентай, бірақ маңызды болса да, біздің құрметіміз бен ризашылығымыз!

Пікірлер орны (0)