2024 жылдың 30 сәуірінде Ұлы Отан соғысының батырлары Рахымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер" кафедрасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Биыл Кеңес Одағының Батыры, Халық Қахарманының, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің, сондай-ақ Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Халық Қахарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл.
Аталмыш іс шараны шетел студенттері ҚР Әнұранымен бастады.
Дөңгелек үстелге ВМ-ШАВ-11-22 шетел тобының білім алушылары мен кафедра оқытушылары қатысты. Мақсаты: шетел білім алушыларына қазақ ұлтынан шыққан ҰОС Батырларының ерліктерін таныстырып, ҰОС тарихи маңызын ұғындыру. 2 курс шетел студенттері Sheetal және Yahoo Muzzammil Ahmad қос батырлар туралы баяндамаларын қорғап, олардың өмірлері мен ерліктері жайлы дайындаған видео презентацияларын көрсетті.
В-Фөтқ-03-22 тобының білім алушылары Малик Балнұр мен Өтеген Раушан "Катюша" әнін шырқады. Дөңгелек үстел соңында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нуржанбаева барлық қатысқан шетел білім алушыларына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.