Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Ургенч-2030» II Халықаралық о...
30 сәуір 2025
5
0
0

«Ургенч-2030» II Халықаралық олимпиададан жеңіспен оралды

uploads/news/sliders/7hQ7iW1U3CnWUnWE4dhJT8NGw6uYspy7MFwCpnuj.jpg
uploads/news/sliders/GXaSLG4ZgF70ZY4sxmKmEKtBlP6cKo1ptpGCBkkW.jpg
uploads/news/sliders/HFrDOECYMMxytX76aghVv9tHKZTP9tnUCm2KcD3i.jpg
uploads/news/sliders/Ho7VdYZoSdC7kJFhcH9J0J13Cweg0nGJ1UNF22aX.jpg
uploads/news/sliders/maRgcmreCSZdb6IsQK8vDwFWotsV0UkKsxMBEEOZ.jpg
uploads/news/sliders/g5wxGZmlbUjCu6cpWQeFfF7sTjr4CseXrVlSX6CN.jpg
uploads/news/sliders/nPv1YEJBn0ybxeT6rINEsQR50hF8aZc4hOctEXjP.jpg
uploads/news/sliders/YR0dCo4vclL7EruvgUeYZAiFGJRTETSWKZuSjagk.jpg
uploads/news/sliders/AHqQ1gTFDT50WpwcEuaONltuMRs3B3cjGPXwykiL.jpg

Ағымдағы жылдың 25-26 сәуір күндері аралығында Үргеніш мемлекеттік медицина институтында медициналық жоғары оқу орындары студенттері арасында «Ургенч-2030» II Халықаралық олимпиадасы өтті. Шараға әлемнің 20-дан астам жетекші медициналық университеттерінің 360-тан астам студенттері қатысты. Олимпиада офлайн режимінде өтті, бұл қатысушыларға теориялық білімдерін де, практикалық дағдыларын да көрсетуге мүмкіндік берді.
Біздің университеттен екінші, үшінші және төртінші курс студенттерінен, жалпы саны он адамнан тұратын команда жинақталып, бақ сынады. Әрбір қатысушы жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлігін және дамуға деген ұмтылысын көрсетті. Байқау нәтижесінде біздің барлық студенттеріміз жүлделі орындарға ие болды, бұл олардың мақсаткерлігі мен университетіміздегі білім сапасының жоғары екендігінің айқын дәлелі болды.
Енді жеңімпаздарымыздың аты-жөндерін атап өтсек:
🏆 Кенжехан Құдірет Нұрланұлы, «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенті – «Биохимия» пәні бойынша 1 орын.
Ғылыми жетекшісі: кафедраның аға оқытушысы Ордабекова Асмира Балтабаевна.
🏆 Абдукаримов Абдулазиз Абдумалик угли, «Стоматология» мамандығының 4 курс студенті – «Ортопедиялық стоматология» пәні бойынша 1 орын.
Ғылыми жетекшісі: медицина ғылымдарының докторы Шукпаров Асылбек Баядилович.
🏆 Спатай Мадияр Полатұлы, «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенті – «Микробиология» пәні бойынша 2 орын.
Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибигуль Тулегеновна.
🏆 Толибжонов Абдулфаттох Муйдинжон угли, «Стоматология» мамандығының 4 курс студенті – «Хирургиялық стоматология» пәні бойынша 2 орын.
Ғылыми жетекшісі: медицина ғылымдарының докторы Шукпаров Асылбек Баядилович.
🏆 Сабурова Сайдахон Алишеровна, «Педиатрия» мамандығының 4 курс студенті – «Педиатрия» пәні бойынша 3 орын.
Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент Кемелбеков Канатжан Сауханбекович.
🏆 Садыкова Амина Шамуратовна, «Педиатрия» мамандығының 3 курс студенті – «Гистология» пәні бойынша 3 орын.
Ғылыми жетекшісі: медицина ғылымдарының докторы, профессор Сисабеков Касымхан Ермекбаевич.
🏆 Урманов Диербек Зиятбекович, «Педиатрия» мамандығының 4 курс студенті – «Ішкі аурулар» пәні бойынша 3 орын.
Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Бекмурзаева Эльмира Куанышевна.
🏆 Байдуллаева Диана Мейірбекқызы, «Педиатрия» мамандығының 4 курс студенті – «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша «Жағдаяттық есептердің ең ерекше шешімі» номинациясы.
Ғылыми жетекшісі: PhD, медицина ғылымдарының магистрі Жузжасарова Айгерим Аймаханбетовна.
🏆 Аманова Ирода Мирмаксудызы, «Педиатрия» мамандығының 3 курс студенті – «Патологиялық анатомия» пәні бойынша «Үздік теориялық материалды баяндау» номинациясы.
Ғылыми жетекшісі: PhD докторы, кафедра доцентінің м.а. Досыбаев Бакытжан Крыкбаевич.
🏆 Убайдуллаева Айнур Сайфутдиновна, «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенті – «Патологиялық физиология» пәні бойынша «Ең эрудит студент» номинациясы.
Ғылыми жетекшісі: PhD докторы, кафедра доцентінің м.а. Кулбалиева Жаннат Жаксликовна.
Біздің барлық студенттер жоғары мотивация, табандылық және тамаша кәсіби дайындық көрсетті. Олар университетіміздің абыройын асқақтатып, жоғары деңгейдегі марапатқа ие болды. Біз олардың жетістіктерін шын жүректен мақтан тұтамыз және ғылыми және кәсіби қызметінде одан әрі жетістіктер тілейміз!
Олимпиада аясында Бекмурзаева Эльмира Куанышевна Үргеніш мемлекеттік медицина институтына Visiting Professor ретінде шақырылды. Үргеніште болған кезінде ол «Ішкі аурулар және тері-венерология» және «Ішкі аурулар және шығыс аурулары» кафедраларында бірнеше лекциялар оқыды, бұл оқу үдерісіне және университеттер арасындағы тәжірибе алмасуға маңызды үлес болды.
Сонымен қатар, Бекмурзаева Эльмира Куанышевна олимпиадаға «Ішкі аурулар» пәні бойынша қазылар алқасының мүшесі болып қатысып, қатысушылардың білімін бағалауға кәсіби үлесін қосты.
Үргеніш мемлекеттік медицина институтының ректоры Рузибаев Рашид Юсупович қонақжайлылығы, жылы лебізі, мейірімділігі үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Оның ашықтығы мен ілтипаты өнімді жұмыс пен достық қарым-қатынас үшін тамаша жағдай жасады.
Орайы келгенде, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының ректоры Сейітжанова Жанна Серікжанқызына және оқу орнының басшылығына осындай маңызды халықаралық шараларға қатысуға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

Пікірлер орны (0)