
Неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының ұйымдастыруымен Жалпы медицина 5-курс студенттері: В-ЖМҚА-05-21, В-ЖМҚБ-05-21, В-ЖМҚА-06-21 топтары үшін Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы айқындаған бағыттар аясында мазмұнды әрі ой тастайтын тәрбиелік сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ барысында болашақ дәрігерлер қазіргі Қазақстан қоғамының даму бағытына қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, жасанды интеллект пен цифрлық өзгерістердің қоғам өміріндегі орны, құқықтық мәдениет пен заңға құрмет, сондай-ақ «Таза Қазақстан – Таза қала» тұжырымдамасы аясындағы экологиялық сана тақырыптары кеңінен қамтылды. Студенттер бұл мәселелерді презентациялар, көрнекі материалдар және ситуациялық кейстер арқылы ашып көрсетті.
Іс-шараға кафедра доценттері Мустапаева Гульнара Абдымажитовна, Еркебаева Салтанат Калдыбековна, Полукчи Татьяна Васильевна, сондай-ақ ассистенттер Толебаева Гаухар Ерузаховна, Мусаева Сауле Калмахановна, Есетова Айнур Амирхановна, Раманова Гулнафис Бакытжановна қатысып, студенттердің белсенділігі мен тақырыпты терең меңгеру деңгейіне жоғары баға берді. Қорытындылай келе, аталған тәрбиелік сабақ студенттерге тек білім беріп қана қоймай, олардың ойлау көкжиегін кеңейтіп, қоғамдағы өз орнын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Болашақ мамандар кәсіби жауапкершілікпен қатар, азаматтық ұстанымның, саналы таңдаудың және қоғамдық дамуға бейжай қарамаудың маңызын айқын сезінді. Мұндай форматтағы кездесулер жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, заманауи құндылықтарды саналы түрде қабылдауына ықпал етеді
