Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Ұстаз - ұлы тұлға!»
3 қазан 2025
5
0
0

«Ұстаз - ұлы тұлға!»

2025 жылдың 03.10.2025 қазан айында 1 курс медицина мамандығының студенттері мен Шет тілі кафедрасының ұйымдастыруымен Ұстаз - ұлы тұлға! тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты - барша ұстаздарға арналған ерекше мереке, Ұстаздар күні! Бұл күн - тек қана білім саласының мерекесі емес, бүкіл халықтың мерекесі. Өйткені әрбір адамның жүрегінде ұстазға деген шексіз құрмет пен ыстық ықылас бар.
Ұстаз - ұрпақтың шамшырағы, білімнің таусылмас бұлағы, адамгершіліктің үлгісі. Сіздердің еткен еңбектеріңізбен талай шәкірттер өмір жолын тауып, үлкен жетістіктерге жетті. Шәкірттердің әрбір жеңісі – ұстаздың да жеңісі, олардың қуанышы – ұстаздың да қуанышы.
Сіздер әрқашан сабыр мен мейірім танытып, бізге тек білім ғана емес, өмірлік ұстаным, тәрбие, адамдық қасиет дарыттыңыздар. Осы еңбектеріңіз үшін әрқайсыңызға мың алғыс! Ардақты ұстаздар! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілеймін! Жаңа жетістіктерге толы жылдарыңыз көп болсын, шәкірттеріңіз сіздерді үнемі мақтан тұтып, қуанышқа бөлендірсін.

Пікірлер орны (0)