Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Ұстаз жолы – ұлы жол»
8 қазан 2026
1
0
0

«Ұстаз жолы – ұлы жол»

2026 жылғы 7 қазанда Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында «Ұстаз жолы – ұлы жол» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шараның ашылу салтанатында кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.А. Аширов сөз сөйледі. Одан кейін ардагер ұстаздар, тарих ғылымдарының кандидаты С. Сақов пен физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Ө.Д. Байзаков жастармен көпжылдық педагогикалық қызметте жинақталған өмірлік тәжірибесімен және тағылымымен бөлісті.
Іс-шараға ВМ-СҚАБ-05-26 оқу тобының студенттері, сондай-ақ кафедра оқытушылары қатысты.
Іс-шара жастардың ұстаз еңбегіне деген құрметін арттыруға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және тәлімгерлік дәстүрін насихаттауға бағытталды.

Пікірлер орны (0)